Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шағын несиелерге қосымша 20 млрд теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Осылайша, шағын несиелендіру көлемі 62 миллиардқа жететін болады. Әсіресе, ауылды жерлерде. Жалпы, ауылда ғана емес, барлық жерде адамдар өз бизнесін аша алады. Соның арқасында шағын несиелендірудің көлемі 14 мың адамды қамтитын болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. 14 мың адам ол аз емес. Себебі бір адамның қарамағында үш-төрт, он, бәлкім, елу адам жұмыс істейтін болады. Бұның барлығын қосқанда, мықты шағын бизнес шығады. Соған қолдау жасауымыз қажет», — деді Н.Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президенттің айтуынша, шағын несиелерді қаржыландыру көлемін арттырудың арқасында ауылдың жағдайын көтеруге болады. «Иә, аталған бастама, әсіресе, ауылды жерлер үшін аса маңызды. Себебі ол жерде кәсіпкерлік дамиды, мыңдаған адам өз бизнесін жүргізе алады», — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз