Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлады Ақорда сайты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Н.Пашинянның басшылығымен Армения орнықты дамуға және ел тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатты жалғастыра беретініне сенім білдірді.

«Екі мемлекет арасында қалыптасқан достық пен өзара түсіністік қатынастар Қазақстан мен Арменияның өзара ықпалдастығын дәстүрлі серіктестік рухында кеңейте түсу үшін және халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да берік негіз бола береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, елдегі жағдайлардан кейін жаңа қызметке 17 сәуір күні тағайындалған Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетуге өтініш берген болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз