Мұнай бағасы күрт қымбаттады, деп хабарлайды  Informburo.kz.

Қара алтынның құны 77 АҚШ долларына жеткен. Бұл соңғы 3 жылда ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

Сауда-саттық нәтижесінде, Brent маркалы мұнайдың бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 2,36 долларға көтеріліп, баррелі 77,21 доллар болған.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ядролық қарусыз ғалам – адамзат арманы

WTI маркілі мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 2,08 долларға қымбаттап, баррелі 71,14 долларға жетті.

Айта кетейік, бағаның өзгеруіне Дональд Трамптың Иранмен ядролық келісімнен шығатыны себеп болған. Ақ үй Тегеранға қараша айынан бастап қайтадан экономикалық санкция салуды жоспарлап отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз