Айлардың қадірлісі Рамазан айы болса, мың айдан да ардақты Қадір түні осы Рамазан айының ішіне жасырылған. Биылғы қасиетті Қадір түні 11 маусымнан 12-сіне қараған түні өтті. Қадір түнін құлшылықпен өткізу үшін Ақтау қаласындағы орталық Бекет ата мешітіне жиналған халықта есеп болмады. Алдымен мешітке жиналған 1000-ға жуық адам ауызашарға жайылған дастарханнан дәм татып, тарауық намазына қатысты. Қадір түнін мешітте өткізу үшін 5000-ға жуық адам жиналған. Мешітке сыймағандар мешіттің ауласында намаз оқып жатты. Одан соң мешіттің бас имамы Смайыл Сейітбеков жиналған жамағатқа Қадір түнінің қадірі, бұл түннің ғажайыбы мен сауабы жайлы уағыз айтты. Таңға дейін кірпік ілмей, күнді құлшылықпен атырған халық сәресінде ауыз бекітіп, үйлеріне тарасты.

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз