Ақсарайда дүбірлі тойда «Амал мерекесі-рухани жаңғыруымыздың жаршысы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға жан-жақтағы көрші облыстардан қонақтар жиналды. Атап айтсақ, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау облысы және Түркістан қаласынан келген зиялылар бас қосып, өз ойларын ортаға салды. Басқосуда Елбасының мақаласы кеңінен талқыланып, ой-пікір бөлісіп, сөз алды. Көрісу мерекесінің мән мағынасы түсіндіріліп, бір-біріне ақжарма ақ тілектерін арнады. Түрлі облыстан келген қонақтар тойдың керемет өтіп жатқандығы және оның жастарға берері мол екендігін атап өтті. Түркістан қаласы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов мұражайға арнайы әкелген сыйын тарту етті.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жиналған жұртшылықты Амал мерекесімен құттықтады. Амалда айтылар көл-көсір көптің тілектері қабыл болсын деп тілеген облыс әкімі Ералы Тоғжанов шырақшылармен және Құнанорыс руының атсалысуымен «Бірлік отын» тұтатты. Бір-біріне ақжарма тілектерін арнаған жиналған жұртшылық мерекелік концертті тамаша табиғатта көтеріңкі көңіл-күймен қызықтады. Әрбір шаңыраққа береке, бірлік, ырыс-несібе тілейміз. Амал мерекесі құтты болсын.

Зухра ӘБДІЛ-САТТАР

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз