Қасиетті Маңғыстау өлкесінде тарихи-мәдени маңызы зор нысандар мен елді мекендер жетерлік. Осы орайда облыстық туризм басқармасы «Цифрлық Қазақстан–2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2GIS компаниясымен бірлесіп туристік нысандарды цифрландыру картасын жасақтау жұмыстарын бастады.

Бірлескен баспасөз мәсли­ хатында Маңғыстаудың тарихи-­мәдени орында­рын картаға енгізу жұмыстары жайында баяндалды. Жоба об­лыс аумағының әр жерінде ор­наласқан туристік нысандардың шалғайлығы өңір тұрғындары  мен сырттан келетін туристер үшін проблема туындатуына бай­ланысты қолға алынған. Баспа­ сөз жиынына облыстық туризм басқармасы туризм бөлімінің басшысы Гүлсім Жариева, 2GIS Ақтау компаниясының директоры Ербол Байжігітов, коммерциялық сұрақтар бойынша директордың орынбасары Алкуат Насухаулы және маркетолог Тимур Файзулин қатысты.

Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қолдау және Маңғыстау облысының туристік және рекреациялық әлеуетін дамыту мақсатында 2GIS компаниясы Маңғыстау облысының туризм бас­қармасымен бірлесіп Маңғыстау­дың 24 киелі жерлері мен тарихи­-мәдени тартымды жерлерін, табиғи нысандарын цифрлық картаға ен­гізу бойынша жұмыстар жүргізді. Қазіргі таңда аталған жобаның 1-­кезеңі аяқталды. 2GIS-­Ақтау компаниясының директоры Ер­бол Байжігітов жаңа жоба туралы маңызды  мәліметтерімен  бөлісті.

«Осы бірлескен жоба – Маңғыс­тауға Қазақстанның туристік іс­-сапармен келу карточкасы,  кие­лі жерлер мен көз тартарлық ландшафты­-географиялық жерле­рінің асыл қазынасы ретінде на­сихаттау мақсатында тегін жүзе­ге асырылды. Облыс әкімдігінің қолдауымен маршруттарды құру үшін картографиялық мәліметтер­ді жинақтау бойынша біз экспеди­ция ұйымдастырдық және 3000 шм астам жол жүріп өттік», – дейді Е.Байжігітов.

Жүргізілген жұмыстың нәти­ жесінде 2GIS­-Ақтау қосымша­сында нысандарға баратын мар­шруттар  құру  мүмкіндігімен бірге оффлайн режимінде көз тартарлық 24 нысан пайда бол­ды. Атап айтқанда Көгілдір айлақ (жағажай), Саура (арна), Тамша­лы (бұлақ, шатқал), Жығылған (құлама жар), Сұлтан епе (жерасты мешіті), Қапамсай (арна), Шақпақ ата (жерасты мешіті), Шарлар сайы (шар тәрізді кон­ крециялар), Отпан тау (тарихи­ мәдени кешен), Айрақты-­Шоманай (тау қалдықтары), Шерқала (тау), Тұзбайыр (тұзды көл), Сфинкс (жартас), Сисем ата (қорым), Бекет ата (жерасты мешіті), Найза (тау, көрініс), Босжыра (тау, сай), Шо­пан ата (жерасты мешіті),  Радон су көзі (ыстық су көзі), Песчаный мүйісі (жағажай), Тоқмақ (тасты жағажай), Кендірлі (демалыс ба­засы), Қарынжарық (ойпат, тұзды көл), Булыойық (үңгір).

Осы  көз  тартарлық  жерлерді өз бетімен барып көру мүмкінді­ гі өңіріміздің туристік және рек­реациялық әлеуетін дамытуға түрткі болып жаңаша қозғау сала­ды. Себебі Маңғыстаудың көркем жерлерін көп адам естігенімен, бұл жерлерге жету жолдарынан көпшілік бейхабар.

Айта кетсек, 2GIS – мекемелер­дің толық анықтамасымен және навигаторымен қалалардың кар­тасын біріктірген қалалық ақпа­рат қызметі. Қосымша интернетке қосылмай смартфондарда жұмыс жасайды, онлайн­-нұсқалары жеке компьютерлерге де қолжетімді. 2GIS­-те Ресей, Қазақстан және басқа елдердің 320 қаласы туралы ақпарат жинақталған.

2GIS – әлем бойынша 40 мил­лион қолданушысы бар ТМД елдеріндегі ең кеңінен тараған картографиялық анықтамалық қосымшалардың бірі. Әрі 2GIS­-тің мобильдік қосымшасы тегін және Android үшін GooglePlay­-ге және iOS үшін AppStore жүктеп алуға қолжетімді. Ақтау мо­бильдік қосымшасын компью­ терге және ноутбукке 2gis.kz. сайты арқылы тегін орнату мүмкіндігі бар. Осыған дейін 2GIS қосымшасын қолданып жүргендерге қалалардың тізі­мінен Ақтау қаласын белгіле­се жеткілікті. Маңғыстаудың көз тартарлық жерлері 2GIS қосымшасының 40 миллион қолданушылар үшін қашанда қолжетімді болмақ.

Облыстың туристік әлеуеті туралы туризм бөлімінің бас­шысы Гүлсім Жариева кеңірек түсіндірді. Туризм статисти­ касына сүйенсек ішкі туризм бойынша келушілердің (резидент­тер) саны 2017 жылдың ішінде 2016 жылдың сәйкес кезеңімен са­лыстырғанда 108%-­ға өсіп, 177 178 адамды құраған. Ал келу туризмі бойынша келушілердің (резидент­тер емес) саны 2017 жылдың ішін­де 2016 жылдың сәйкес кезеңі­ мен салыстырғанда 102%­-ға өсіп, 28 726 адамға толған.

Бүгінгі таңда «Mangystau.Info» туристік­-ақпараттық сайт пен «M­-travel» мобильдік қосымшасын әзірлеудің 1-­кезеңі аяқталып, ба­заны тиісті ақпаратпен толтыры­лым жұмыстары жасалынуда.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңаөзен-Жетібай тас жолында Toyota Avalon көлігі жанып кетті

«Кез келген турист ол қа­зақстандық немесе шетелдік бол­сын облысымыздың тартымды барлық туристік жерлері туралы, тіпті, жергілікті қонақ үйлерін брондауға дейін ақпарат ала ала­ды. Бұдан бөлек, 2018 жылға арналған жоспарға сәйкес біз мәдениет басқармасымен бірлесіп өңіріміздің барлық мұражайлары­на Q­-код орналастыру бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Біз об­лысымызға келетін туристерге нақты көмекші болатын іс-­ша­ралар туралы айтып отырмыз. Болашақта бұл жұмыстар жалғаса түседі», – дейді Гүлсім Жариева.

Сонымен қатар облыстық ту­ризм басқармасы Қазақстан Респу­бликасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм  индустрия­сы комитетімен бірлесе өңірлер­ де туризмді дамыту жолдарын жаңартуды қолға алған. Гүлсім Омарқызының айтуынша, қазіргі уақытта өңірімізде 362 киелі жер және мемлекет қорғауындағы та­ғы да 13 мың мәдени ескерткіш бар, олар Ақтау қаласынан өте шалғай және автомобиль жол­дарынан жыра орналасқан. Олар­дың барлығын қажетті инфрақұ­рылыммен қамтамасыз ету және туристерге қолайлы жағдай жасау үшін көп қаражат шығынын талап етеді және қысқа мерзім ішінде шын мәнінде, жүзеге асыру мүм­кін емес. Сондықтан 5 жыл ішін­де нақты бірнеше аймақта қажетті инфрақұрылымды дамытуға ерек­ше мән беріледі.

«Алдымен Ақтау қаласының теңіз жағалауы аймағы назарға алынады. Ол жерлерде электр жарығының жүйесін, сумен және газбен қамту, кәріздік жүйе, со­нымен қатар жолдардың жөндеу мен құрылысын салу жоспар­лануда. Бұл – қонақ үй кешен­дері мен демалыс базалары құрылысын салу үшін инвестор­ларды  тартуға  мүмкіндік. Біз 2­3 жұлдызды деңгейдегі, яғни халыққа қолжетімді кешендер­дің құрылысын салуды қуаттай­мыз», – дейді Г.Жариева. Қазіргі уақытта Ақтау қаласы әкімдігі жо­балық­сметалық құжаттамаларды әзірлеуде.

Екінші аймақ – Шопан ата, Бе­кет ата сағаналары. Бұл бағытта Бекет атаға дейінгі 100 шм жол учаскесінің асфальттау  бойын­ша үлкен жұмыс басталған. Ата жолының 0­51 шм (1­-кезең) рес­публикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген, 1-­кезеңнің аяқталу мерзімі – 2019 жылдың қараша айына жоспарланып отыр. Үшін­ші аймаққа Маңғыстау және Түп­қараған аудандарының аумақтары енгізілген.

Ауқымды жобаның 1­-кезеңінде 15 нысан дамытылмақ. Олар – Шерқала тауы, Отпан тау, Көгез этноауылы, Айрақты-­Шоманай­-Бекет сайы, Торыштың шар тә­різді конкрециялары, Жығылған, Форт­-Шевченко қаласындағы Мұрын жырау мұражайы. Осы нысандарға жол салу, электр жү­йесін тартып, сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жұмыстар 2019 жылдың еншісінде.

Қалған Тамшалы, Самал, Саура, Көгілдір айлақ – 2­-кезеңде жүзеге асырылады. (Мұның барлығы бюд­жетке тіреледі). Мәселен, аталған жобаларды  жүзеге  асыру  үшін  10 млрд. астам қаражат қажет.

Брифинг соңында Маңғыстау­дың сакралдық және тарихи­-мәде­ни орындарының цифрлық карта­сы бойынша сұрақтарға жауаптар берілді. 2GIS-­Ақтау компаниясы облыстың туризм басқармасымен бірлесіп мемлекеттік маңыз бе­рілген «Цифрлық Қазақстан» бағ­дарламасын жүзеге асыру  үшін бар мүмкіндіктерін пайдаланып жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Жайық НАҒЫМАШ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз