«Тек 3 шағынауданның өзінде 2 қабатты үйлердің саны – 56. Келешекте инвесторлардың көмегімен бұл үйлер бұзылып, орнына көп қабатты жаңа үйлер салынатын болады».  Мұны Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязов Халыққа есеп беру кезінде мәлімдеді.  

— Апатты үйлерді айтпағанның өзінде, 2 қабатты 56 үйдің бәрін бұзып, қайта 5 қабатты үйлер тұрғызу керек. Жеке құрылысшылар осыны қолға алса, үй тұрғызуға кеткен қаржысын қайтарып алуға мүмкіндіктері бар.  Бұл арқылы қаншама азаматты жаңа пәтермен қамтамасыз етуге болар еді?! Осы іске белсене кірісу керек, — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

— Бұрынғы үйлерді сүріп, жаңа тұрғын үй салу бойынша МАЭК, жылу, су, тоқ мәселелеріне байланысты толық зерттеу жүргізіп жатырмыз. Бұдан соң, мемлекеттің қаржысын салмай-ақ, жеке инвесторлардың есебінен 7 қабатты үйлер мен  5 қабатты үйлер салуды жоспарлаймыз, — деді Ғалымжан Мұқырұлы.

Айта кетейік, бұған дейін төменгі шағынаудандарда апаттық жағдайда  тұрған 144 пәтер 9 үй бұзылып, орнына 325 пәтер 3 үй салынған.

Сонымен қатар, ағымдағы 100 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталып, 96 пәтерлік 6 үй бұзылып, орнына 3 үй салынады.  Апаттық тұрғын үйлер 2019 жылдың  І жартысында толықтай жойылады деп уәде берді Ақтау әкімі Ғалымжан Мұқырұлы.

Айгүл ДӘДЕН
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз