Былтыр қазақстандықтар орта есеппен 72,9 келі ет және ет өнімдерін жеген. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сүйеніп ranking.kz сайты хабарлады.

Қазақстан бойынша атыраулықтар ет өнімдерін ең көп қолданған. Атырауда былтыр адам басына шаққанда 85 келі ет желінсе, одан кейінгі орында алматылықтар (83,5 келі) және Шығыс Қазақстан тұрғындары (82,6 келі) тұр.

Ал маңғыстаулықтар республика бойынша 4 орында. Былтыр Маңғыстау тұрғындары жан басына шаққанда 81,9 ет және ет өнімдерін жеген.

ет

Ал ет өнімдерін ең аз жеген облыстарға тоқталсақ, ОҚО — адам басына шаққанда орта есеппен 58,2 келі, Қызылордада — 65,2 келі, Ақтөбеде — 67,4 келі ет желінген.

Ал қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарын салыстырсақ, қалалықтар (76 келі) ауылдықтарға (69 келі) қарағанда ет тағамдарын көбірек жейтіні белгілі болды.

Ет және ет тағамдары ішінде былтыр адам басына шаққанда 23,9 келісиыр еті, 6,3 келі қой еті және 6,1 келі ет фаршы желінген.

2018 жылдың сәуір айында ет және құс өнімдерінің ішінде жартылай қақталған шұжықтың бағасы — 1894,5 тг, пісірілген шұжық — 1659,3 тг, жылқы еті 1640,8 тг қымбатырақ болған.

Ал ең көп желінген сиыр етінің бағасы Қазақстан бойынша орта есеппен келісіне 1496,3 тг тұрады.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз