Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада өнер көрсеткен Денис Тен жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін, ол бүгін қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 70,12 ұпай жинаған болатын. Өкінішке қарай, мұз айдынға төртінші болып шыққан отандасымыз үздік 24 спортшының қатарына іліне алмай, 27 орынды місе тұтты.

Енді, еркін бағдарламада Тен жарыс айдынына шықпайды.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бірінші орынды жапониялық Юдзуру Ханю (111.68) жеңіп алса, екінші орынды испаниялық Хавьер Фернандес (107.58) иеленді. Ал үздік үштікке тағы бір жапониялық спортшы Сёма Уно (104.17) кірді.

Дереккөз ҚазАқпарат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз