Кеше «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті.

Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасын сайлау, Жаңаөзен қалалық мәслихатына №4 қалалық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына кандидатты ұсыну, «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізу туралы мәселелер қаралды. Конференцияның күн тәртібіндегі І мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тумышев ұсыныс білдіріп, қалалық мәслихат хатшысы С. Мыңбай да өз көзқарасымен бөлісті. «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы болып қала әкімі Ә.Дауылбаев сайланды. Жаңаөзен қалалық мәслихатына №4 қалалық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына кандидаттыққа партияның кадрлық резерв мүшесі «НаладкоЭнергоМонтаж» ЖШС-нің коммерциялық директоры Т.Мусаев ұсынылды.

Жолдауда туындайтын міндеттерді жіктеп берген қала әкімінің орынбасары С.Танаева алға қойған жоспарлармен бөлісті. Осы мәселеге қатысты партия мүшелері Т.Болатбаева, Ж.Сәт, Ж.Дәрменов, С.Құлсариев пікірлерін білдірді.

Жаңаөзен-Ақпарат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз