Ақтау қаласының №13 мектеп-гимназиясында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының облыстық фестивалі өтті.

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары аясында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты балалар киносының облыстық фестивалі өтті.

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының облыстық фестивалі – үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыруға бағытталған байқау.

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» фестиваліне аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысады. Байқау бағдарламасында «Деректі (ойынды емес) кино», «Ойынды кино», «STOP-MOTION-видео», «Әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик», «Анимация», «Видео-арт», «Музыкалық фильм» номинациялары қарастырылған.

Облыстық фестивальдің өткізілуі балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтауға, кино және телевидение салаларында дарынды балалар мен жастарды іздеуге және қолдауға, шығармашылық тұлғаның өз ойын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде фильмдер, жарнамалар, репортаждар жасау процесін ынталандыруға, өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттауға, балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін өзі танытуға ықпал етеді.

50-ден астам оқушы қатысқан сайыс қорытындысында «Деректі (ойынды емес) кино» номинациясы бойынша: І орын –Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Берікқызы Оксанаға; ІІ орын – Мұнайлы ауданы, №3 орта мектебінің 8 сынып оқушысы  Нұрбай Мөлдір мен Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бексары Айдынға; III орын – Маңғыстау ауданы, Жармыш орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сагиджанова Айнұр мен III орын – Ақтау қаласы, Н.Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Сугуров Хамзаға бұйырды.

«Ойынды кино» номинациясы бойынша: I орынды – Мұнайлы ауданы, №2 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Әндір Жарасқан; ІІ орынды – Ақтау қаласы, Н.Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Ахмеджанова Айман мен Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нагымова Дина; ІIІ орынды – Мұнайлы ауданы, «Оқушылар орталығының» 9 сынып оқушысы Жедибай Асылбек пен Жаңбырбаев Думан, Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Тәжімағамбет Ернар иеленді.

«STOP-MOTION-видео» номинациясы бойынша: I орын – Түпқараған ауданы, Шахта орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қонайұлы Батаниязға, II орын – Бейнеу ауданы, Сыңғырлау мектеп балабақша-кешенінің 8 сынып оқушысы Өсербайқызы Шұғыла мен Мұнайлы ауданы, №3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Чакиев Рысгелді және Убаев Бақтұрлыға, IIІ орын – Н.Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Жеткізгенов Аймұратқа бұйырса, «Әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик»номинациясы бойынша: І орынға – Н.Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Абдижамал Мадияр, ІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №11 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Самигулла Ақмарал мен Ақтау қаласы, №13 мектеп гимназиясының  9 сынып оқушысы Рахман Әділет, ІII орын – Мұнайлы ауданы, №3 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жолдыбаев Тоқтар мен Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Бердімұрат Ерболат ие болды.

«Анимация» номинациясы бойынша: І орынды – Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Батырұлы Дәурен, ІІ орынды –Ақтау қаласы, №13 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Абдрахманов Өркен, III орынды – Мұнайлы ауданы, №3 орта мектебінің 8, 9 сынып оқушылары Амангелдиев Бақберген мен Утеп Ақжарқын жеңіп алды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Нұрлы жер» аясында қанша баспана тапсырылды

«Видео-арт» номинациясы бойынша: І орынға – Ақтау қаласы, Н.Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Джурабеков Джанибек ие болып, ІІ орынды – Ақтау қаласы, №6 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мухтарова Ясмина мен Маңғыстау ауданы, Жармыш орта мектебінің 9 сынып оқушысы Амангелдиева Ақбота, III орынды –Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының 10 сынып оқушылары Танашова Мөлдір, Абдуллаева Тыныштық өзара бөлісті.

«Музыкалық фильм»номинациясы бойынша: І орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 9, 11 сынып оқушылары Тұрғанбай Балтабек, Мырзашова Мерейге, ІІ орын – Маңғыстау ауданы, Шетпе мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Бағыланұлы Асылан, III орын – Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нуржав Айгерімге бұйырып, фестиваль жеңімпаздары білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталып, оның ішінде І орын иеленгендер наурыз айында Атырау қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады. Ал, жүлделі орын алмаған қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Үміт ЖӘЛЕКЕ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз