Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың шешімімен Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы болып Сармурзина Пания Оңалбайқызы тағайындалды.

Пания Оңалбайқызы 1968 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар институтын тәмамдаған.Еңбек жолын Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласындағы облыстық кітапханада кітапханашы қызметінен бастады.

03.01.1995-14.02.1996 — облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы;

14.02.1996-01.10.2004 — облыстық мәдениет басқармасында бас маман;

01.10.2004-25.06.2007 — облыстық мәдениет басқармасында бөлім бастығы;

25.06. 2007-17.07.2017 — басқарма бастығының орынбасары;

17.07.2017 жылдан бастап басқарма басшысының міндетін атқарушы болып қызмет етті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз