«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» жобасы аясында Маңғыстау облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, «Алтынқұрық» ЖШС қаржы директоры Қуанышбек Әбдірахман Бостан ауылының 40 жылдығына орай ауылдың мүжәлсіз отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетті.

Қ.Спанұлы алдымен Бостан ауылының 40 жылдығына арналған мерекелік салтанатты шараның ашылуына қатысып, ауыл тұрғындары мен қонақтарын мерейлі мерекемен құттықтады. Шағын ауылдың жарты ғасырға жуық ғұмырында ынтымақ пен берекенің ошағына айналуы өнегелі қарттар мен өрелі ұрпақтың еншісіндегі еңбегі екенін айтты.

Салтанатты шаралар барысында ауылдың аз қамтылған 10 отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында азық-түлік үлестірді.

Өз тілшіміз

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Менің биік дәрежем – «Момышұлының келіні» атағы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз