Дәстүрлі түрде өтетін республикалық «Жауқазын» шығармашылық өнер фестивалі Түпқараған ауданында биылғы маусымын 10 мамыр күні ашты. Фестиваль аясында ауданға қарасты балабақшалар мен шағын орталықтарда тәрбиеленуші өнерлі бүлдіршіндер қатысып, бақтарын сынап, сайыстың шарты бойынша «Әнші балапан» ­ эстрадалық жанрында жеке ән орын­дау, «Би ырғағы» ­ ұжымдық би тобы, «Нұрға бөлену» ­ мәнерлеп оқу сындарынан өтті.

Жауқазын фестивалы болатын күні Түпқараған аудандық мәдениет үйінде қызу да қарбаласқа толы шақ орнайды. Сахнаға шығуға балабақшада таңер­теңнен кешке дейін дайындықтан өтіп келген балалар бар өнерін кө­рермен алдында көрсетіп, өздеріне артылған үмітті ақтауға асығады. Балалардың күлкісі мен киген әдемі костюмдері көз тартады. Баласына жанкүйер болып отырған ата-­аналар мен балабақша ұжымынан келген тәрбиешілер көрермен залын тол­тырып, тақым қысып отырады. Жү­ректері лүпілдеген бүлдіршіндер тәтті қылығымен, өнерімен сахнаны баурап алады.

Мәнерлеп оқу сайысына түскен балаларға сүйсінбесіңізге болмайды.

Бір емес,  бірнеше  шумақты ұмыт­пастан нақышына келтіріп, мәнге са­лып жатқа айту – бала үшін үлкен ерлік. Туған жер, Отан, рухани жаң­ғыру тақырыптарындағы өлеңді се­зіммен тебіреніп, қатысушылар ше­бер оқыды. «Би ырғағында» ұжым­дық би сайысында барлық бүлдір­шіндердің өнерлерінен балабақша ұжымдарының жаңашылдықты, жаңа ойларды, композицияларды із­дегендері көрініп тұр.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда 4167 түлек ҰБТ тапсырады

Барлық өнерін ортаға салып, үкілі үміт арқалап келген әрбір қатысушы жеңістен дәмеленері анық. Бірақ жеңіс болған жерде жеңіліс те бар екені ақиқат. Жүлдеге лайық деп танылғандар арасынан «Әнші ба­лапан» номинациясы бойынша бас жүлдені «Алпамыс» балабақша­сының тәрбиеленушісі Кәусар Қал­дыбай, 1­ орынды «Жауқазын» бала­бақшасынан Тиыл Түзел­бек жеңіп алса, «Би ыр­ғағы» номинациясы бо­йынша тыңғылықты да­йындықпен келіп, би орындалысы жағынан да, әдемі қазақы костюмде­рімен де көрерменін қуантқан, «Қан сонарда» биін билеп, саятшының образын алып шыққан «Құлыншақ» балабақша­ сының бүлдіршіндері бас жүлдеге лайық деп та­нылса, «Жауқазын» бала­ бақшасының ұжымы 1 орынды иеленді. «Нұрға бөлену» мәнерлеп оқу са­йысында бас жүлде «Бал­бөбек» балабақшасының тәрбиеленушісі Исмагил Ақниетке бұйырып, «Бәй­терек» балабақшасының тәрбиеленушісі Мырза Әлиханға 1­орын берілді. Бұл бүлдіршіндер мен балабақша ұжымдары арасындағы бәсекелес­тікті оятатын нағыз өнер сайысы бол­ды. Бұл балалардың да, тәрбиеші­лердің де барлық жұмысы, тәрбиесі, өнерге баули білетін қабілеттері көрінетін жұлдызды сәт болып қала бермек.

Жадыра ЖОЛДАСОВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз