Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев дарынды балалар мен кудо спортының шеберлерін қабылдап, оларға 50 жылдық тарихы бар қаланың мәртебесін көтеріп, білімі мен спорттық қарым-қабілеттері арқылы қала атын танытуға өзіндік үлес қосқандары үшін алғысын білдірді.

— Бүгін, міне, көптің арасынан суырылып шығып, тәрбиемен жиған білімдеріңіз, спорттық шеберліктеріңіз арқылы республика, халықаралық деңгейде қаламыздың атын шығарып, мерейін арттырып отырсыңыздар. Жеткен жетістіктеріңіз мұнымен тоқтап қалмасын, біз әрдайым жастардың жетістіктерімен қуанамыз, мақтанамыз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын, — деді қала әкімі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңдай бақ

Шарада менталды арифметика мектебінің республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген балдырғандары мен Кудо федерациясының президенті, кудо спортының аға жаттықтықтырушысы, спорт шебері Арман Сұлтанбаев, Ақтау қаласында «Рухы биік көк бөрілер Айқасы» кәсіби панкратионнан NFS-14 (найза файтер чемпионшип) Халықаралық турнирінде ересектер арасында 71 келі салмақ дәрежесінде NFS (найза файтер чемпионшип) белбеуінің Гран-при иегері Ералы Абдыров, Алматы қаласында кудо спорт түрінен өткен Халықаралық турнирдің ересектер арасындағы 65 келі салмақта жеңімпазы Нұрсұлтан Бексұлтанов Алғыс хатпен марапатталды. Балалар мен спортшыларға қаржылай сертификаттар табысталды.

Жанайым ЖАРЫЛҚАП

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз