Жұлдыздар жер мәселесіне қатысты үнсіз қалған жоқ. Олар өз пікірлерін әлеуметтік желідегі парақшаларында білдіруде. «Қандай жағдай болса да, біз xалықпен біргеміз» дейді өнер иелері.

«Ассалаумуағалейкум ағайындар! Біз өнер адамдары атынан хат жолдаймыз, барлықтарыңызға! Өкіметтен қорықпай,шындықты да айта аламыз! Өнер адамы болғанмен де,халықтың тармағы екенімізді ешқашан ұмытпағанбыз және ұмытпаймыз да! Егер жерімізге жау келсе, қару алуғада,әрине әнді тастап соғысуға да дайынбыз! Сондықтан сабырлыққа шақыратын амалдан басқа айтарымыз жоқ! Өйткені, біздің жерімізді алайын деп жатырған ешкім жоқ! Немесе соғыс ашып жатырған да ешкім жоқ! Тек араға іріткі салатындар көп! Әсіресе, сырт қоғамдар! Мүмкін көрші мемлекеттер?! Барлығымыз бір болайық! Сабырлы болайық! Ал егер халыққа қатты зияндық жасап жатса,ол зияндықты бізде сезіп құр отырмаймыз! Бізді көтеретін де,түсіретін де Алла! Және Қазақ халқы!» — дейді Бейбіт Қорған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз