Бұл туралы Ақтау қаласы Ішкі саясат бөлімінің бастығы Б. Кенжалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Лада.кз сайты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Маңғышлақты игерушілерден 2017 жылдың ұрпақтарына» капсуласын ашу үшін арнайы ұйымдастыру комитеті құрылған болатын. Комиссия 1967 жылғы ұрпақтың 2017 жылы ұрпаққа аманаттап қалдырған жолдауын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні — 1 желтоқсанда ашу туралы шешімге келген еді.

Ақтау қалалық әкімдігі салтанатты шарада капсуланы ашып оқуға дайындау мақсатында «Қала жолдары» мекемесінің қызметкерлеріне 28 қараша күні техникалық жұмыстар жүргізуді бастауды тапсырған.

1967 жылғы ұрпақ қалдырған капсула кеше табылмай, қазу жұмыстары бүгін де жалғасын тапты. «Қала жолдары» қызметкерлері бүгін де іздеу жұмыстарын жүргізіп, бетонды перфоратормен бұрғылап жарғанымен, капсуланы табу мүмкін болған жоқ.

Бисенғали Кенжалиевтің айтуынша, енді бұл мәселе ұйымдастыру комитетінің жиынында талқыланатын болады.

Біз құзырлы органдардан толық ресми жауапты күтетін боламыз.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ

Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

1 ПІІКІР

  1. Ұят болған екен. Сол жылдары басшылықта болған ел ағалары əлі күнге дейін көзі тірі ғо. Сол кісілерден сұраған жөн. Əйтпесе жазылмас жара қалады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз