Редакция телефондары:
+7 (7292) 20 48 34
Почта: 7292info.kz@gmail.com
Кезекші журналист: +7 (771) 362 41 97

Басты бет Жаңалықтар Теңгедегі жол апатынан кейін ОҚО-да жеті өткел кезекшісі жұмысынан шеттетілді
Теңге

Теңгедегі жол апатынан кейін ОҚО-да жеті өткел кезекшісі жұмысынан шеттетілді

176

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданының өткел кезекшілері өзінің лауазымдық міндеттемесін білмеуіне байланысты емтиханнан өте алмай қалды.

«Теңге ауылының маңында болған қайғылы оқиғадан кейін республиканың барлық теміржол өткелдерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бақылау қатайған», — деп хабарлады Информбюро «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Магистраль жүйелері мамандарының айтуынша, өткелдегі бекеттерге жыл сайын мамыр-маусым айларының аралығында бақылау жүргізіліп, сол уақытта кезекшілер лауазымдық міндеттемелерін білу деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырады. Жаңаөзендегі теміржол өткеліндегі апатқа байланысты шұғыл тексеру жүріп, бірқатар бұзушылықтар анықталған.

Комиссия Шымкент маңында жергілікті тұрғындар заңсыз салған теміржол өткелін анықтап, бірден жауып тастаған. Сонымен қатар, теміржол өткелі кезекшілерінің біліктілігіне тексеру жүргізіліп, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданының 7 қызметкері сынақтан құлап қалған.

— Өзінің лауазымдық нұсқаулығын барлығы бірдей білмейтіні анықталды. Біз оларды емтиханды қайта тапсырғанға дейін жұмыстан шеттеттік. Қайта дайындалуына 15 күн уақыт берілді, содан кейін қосымша сынақ жүргізілетін болады. Содан кейін шаралар қабылданатын болады, — деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ ОҚОФ «Шымкент магистраль жүйелері бөлімшесінің» бас инженері М. Бейдалиев.

Теміржол өткелінің кезекшісі пойыздар мен көліктердің қозғалыс қауіпсіздігін күндіз-түні қамтамасыз етуі, шлагбаумның жұмыс істеуін бақылауы, ең бастысы барлық пойыздардың жүру кестесін білуі, сонымен қатар теміржол құрамының техникалық ақаусыз болуын қадағалауы тиіс.

Сурет 7292info.kz архивінен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз