«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түпқараған ауданындағы Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай мектепішілік «Білім басы бастауышта қаланар» атты бастауыш сыныптар апталығында 2 — 3 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Әкем, шешем және мен» спорттық жарысы өткізілді.

Ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған жарыс тартысты өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, ептілікке, жылдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеуді мақсат өткен жарысқа барлығы 5 отбасы қатысты. 8 айналым бойынша өткізілген жарыс «Таныстыру», «Желаяқтар», «Хоккейші жарысы», «Кенгуру жарысы», «Секіртпемен секіру», «Қасықпен су тасу», «Паравоз ойыны», «Жас спортшы» бөлімдерінен тұрды. Жа­рыстың әр айналымы өз дәрежесінде қызықты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша: Бас жүлде – 3 «Ә» сыныбы Ниязғалиевтар отбасы, І орын – 3 «А» сыныбы Олжабаевтар отбасы, ІІ орын – 2 «А» сыныбы Сариндер отбасы, ІІІ орын – 2 «Б» сыныбы Саназаровтар отбасы, ІІІ орын – 2 «Ә» сыныбы Құнанбаевтар отбасыларының қанжығаларына байланды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз