…Қаңтар айындағы міндеттерді атқара отыра аймақ басшылары жаңа ауыспалы кезеңнің оң нәтижелеріне қол жеткізуге күш салды. Президенттің Америкаға сарапынан кейін жоғарғы билікте дауыл алдындағы тыныштық орнағандай және әкімдер үшін қайта орын ауыстыруды күтудің өзі қиын іс. Сарапшылар кадрлық ауыс-түйістің болатынына сенімді. Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға сапар алдында Жамбыл облысының әкімін ауыстырған (Кәрім Көкірекбаевтың орнына Асқар Мырзахметов тағайындалды).

Әкімдер үшін картаның қалай түсетіні енді ақпан айында анықталмақ. Ал оған дейін “Саясат-Monitoring” жылдың алғашқы айының қорытындысын жүргізеді. Сарапшылық баға есебі үшін сауалнама ұйымдастырылды: 26-29 қаңтар аралығында саясаттанушы, қоғам қайраткері, блогерлер, саяси технологтар мен журналистердің 21 респондентіне сауалнама жүргізілді. Қорытынды бойынша қаңтар айындағы әкімдер рейтингі құрылды.

Лидерлер тобы

Рейтингтің бірінші орнын Алматы әкімі Бауыржан Байбек алды. Әкімге бұл табысты Президент жолдауы әкелген: «Оңтүстік астана билігі бұл жағдай бойынша мәслихат сессиясы, облыс активтері сияқты тек дәстүрлі кеңес өткізген жоқ, «Алматыны дамытудың 50 жоба-драйвері» атты бүтін бір бағдарламаны іске қосты. Бұдан бөлек, респонденттер қар жауынынан соң қаланы жедел тазартылуы және аязды күндерден қанағаттанарлық нәтижемен шығу шешімін атап кетті. Негізгі фактор ретінде қалаға Президент Назарбаевтың келуі және қала басшысын қабылдауы болды. Мемлекет басшысы әкімді тікелей мақтамағанымен, осы кездесу арқылы Алматы әкімінің жетістіктері атап өтілді. Айта өтер жайт, Оңтүстік астана әкімінің табыстылық индексі өте жоғары болып қала береді.

Сонымен қатар, қаңтар айы жаңа үндеулерді анықтады, оның ішінде мемлекет мүддесі үшін жер учаскелерін сатып алу бойынша кампания, қоғамдық көлікте жүру бағасын көтеру мәселелері бар.

Астана әкімі Әсет Исекешовтың жұмысына баға берген респонденттер медиа саласындағы белсенділіктің өскенін атап көрсетті: әкім 1 қаңтардан бастап жедел жиын өткізіп, ұзаққа созылған аязға байланысты энергетикалық кешендерді аралады, боранды күндері ақпараттық қол жетімділікті қамтамасыз етуге күш салды. «Көмір тарату, ыстық тамақ беру, тегін такси, әкімнің қала тұрғындарына жеке жолдауы, бұл акциялардың барлығы қоғамдағы ынтымақтастықты нығайтады, ал астаналық билік батыстық басқару стандартына көшіп келеді».

Исекешовтың қаңтардағы белсенді жұмысын саяси тұрғыда кей сарапшылар оның әлсіз тұсы екеніне куә деп бағалады. Ал бірқатар сарапшылар керісінше, әкімнің жоғарылауына себеп болады деп санайды. Егер ешқандай боран, аяз болмаған жағдайда астана келеңсіздіктерге кезікпей, Исекешовке басқарушы ретінде ұпай әкелер еді. Осы жағдаймен қоса қала басшысы смарт-бағыттағы қала шаруашылығы, қоғамдық көлік және ақылы тұрақжай жұмыстарын кеңейтумен белсене айналысты.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қытай халық республикасы мен Татарстанға сапар жасады. Оның нәтижесінде аймақ жоспары болашағы зор жобалармен толықты. Сарапшылар Көшербаевтың сыртқы экономикалық қызметі бойынша Қызылорда облысы 2016 жылмен салыстырғанда 50 пайызға өскенін айтады. Облыс басшылығының биылғы жылды кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жариялауын ескере келе респонденттер аймақтың инвестиция, сондай-ақ  жалпы экономикалық аймақ өсімін күтеді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жануарлардан жапа шеккендер немесе бір тақырыпқа қос хабар

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ұстанымы тұрақты қалыпта. Бұлай деуге өткен жылдың статистикалық көрсеткіштері негіз болады. Мәселен, өңірдің жалпы өнімі 2,7 пайызға, мектепке дейінгі білім беруді қамту 8 пайызға, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету 87,3 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 103, 3 пайызға артқан.

«Бұл көрсеткіштер барлық қызметтер мен бағыттарға тиімді басқарушылықтың көрінісін байқатады». Сондай-ақ, облыстың аномалды аяздарға байланысты дағдарысты жағдайлардан да тиісті дәрежеде сақтану көрсеткіші де жақсы. Сарапшылар аймақ билігі оқыс оқиғалардың алдын алуды жедел шешумен бірге жалған ақпараттардың алдын алуда дұрыс әрекет жасағанын айтады.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңір бойынша үлкен бағдарламалық сапар жасауымен есте қалды. Төрт аудан мен Жаңаөзен қаласына сапарлаған облыс әкімі жергілікті аймақ тынысымен танысты әрі қоғамдағы ішкі саяси бағытын айқындады. Сарапшылардың пайымынша, аймақ билігі «жергілікті ландшафтыда шоғырландыруды кеңейтуге» ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық процестерді тиімді құра білген. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы тұрғын ұй құрылысы бойынша әкімдердің үкіметтік рейтингінде екінші орын алды. Дегенмен, сарапшылар аймақ басшылығы таныстырып, шетелдік инвесторлармен бірлесе жүзеге асырылуы жоспарланған «2,1 миллиард доллар бағадағы тамаша экоқала» мегажобасына сақтықпен қарады. Респонденттер қалай болғанда да Ералы Тоғжановтың саяси салмағы арта түскенін атап өтті…

sayasat.org материалынан аударған Жайық НАҒЫМАШ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз