Бүгін Ақтауда балаларға арналған өнер орталығының ашылу рәсімі өтті. Өнер-білім ордасының тұсауын облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов пен ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Мәдина Сәдуақасова кесті. Өңірімізге ән сапармен келген эстрада жұлдызы тұрғындарды құттықтап, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

«Ағайын» өнер-білім орталығы балаларға 7 білім, 7 өнер бағыты бойынша тәлім береді.

Өнер бағытында:

-Домбыра тарту өнері;

-Жыр-терме өнері;

-Кино өнері;

-Театр өнері;

-Хореография өнері;

-Музыка өнері;

-Радио және тележурналистика өнері;

Ғылым бағытында:

-кіші академия (жаратылыстану бағыты);

— пәндер бойынша оқыту;

— Кіші академия (гуманитарлық бағыт);

— Тілдер мектебі;

-«Мектепке дейінгі дайындық, ерте дамыту топтары»;

-«Мектепке дейінгі дайындық, ерте дамыту топтары»

— Ерте дамыту тобы;

Орталық облысымыздағы дарынды оқушылардың  шығармашылық қабілетін арттырып, өз бағыттары бойынша білімдерін тереңдетуге, мамандыққа баулуға жұмыс істейді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Декреттік демалыс: жөргекпұл мен жәрдемақы қалай есептеледі?

«Мына әлемдік саясатта, әлемдік экономикада тайталасу үшін біздің ұрпаққа, жастарға, бүлдіршіндерге ғылым, өнер керек. Егер ғылыммен айналысып, білімді болса, әр өнерді білсе, оларға ешкім тең келмейді. Сондықтан қазақтың аяулы азаматтарының ұйымдастыруымен ашылған «Ағайын» орталығы жалынды жастарымызға керемет тәрбие береді деген үміттеміз. Бұл жерде 7 білімнің, 7 өнердің қайнар көзі бар. Одан нәр алған ұрпақ – біздің жарқын болашағымыз. Мына заманда білім болмаса, алысқа бара алмайсың, ғылым – сенің жүрегіңнің тыныштығы, ал өнер – өміріңнің азығы», — деді тұсаукесерде сөз сөйлеген М.Сқақов.

Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін, мәдени ой-өріс, өнер-білімін дамытуды, көрсетуді бағыт-бағдар ретінде ұстанатын орталықта күніне 6 сағат сабақ өткізіледі. Оның 3 сағаты – арнайы сабақтарға, 3 сағаты – қосымша сабақтарға бағытталған. Оқу аяқталған соң арнайы сертификат табысталады және өз бағыты бойынша жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға мол мүмкіндік туады.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз