Ақтауда экс-депутат Сергей Кутепов іздестіріліп жатыр.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, С.В. Кутепов 1 сәуір күні шамаман сағат 08.00-де үйден шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған.

Маңғыстау полициясы ер адамның үстінде қоңыр түсті күртесі, оның ішінен қызғылт сары түсті ысырмалы жейде кигенін, қою көк түсті джинсы, басына қою көк түсті тоқылған баскиім мен сұр түсті кроссовкасы болғанын хабарлады. Ерекше белгілері — оң қолының буыны жоқ, протез салынған.

С. Кутепов жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерді 8 (7292) 47-48-02 немесе 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Сергей Кутепов V шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының депутаты болған.

Сонымен қатар ол «Қазақстанның халық банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметін атқарды. 2014 жылы банк қызметкерлері миллиард теңгені ұрлады деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сондай-ақ банк филиалының директоры ҚК 232 бабына (мiндеттерiне адал қарамағаны үшін) сәйкес кінәлі деп танылып, 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлеген болатын.

Сурет интернеттен алынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз