«Жұлзыдай» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған республикалық фестивалі шеңберінде биыл екінші жыл қатарынан спорттық сайыс өтпек. Қазір Астанада өтетін ауқымды шоуға өңірлерден өнерпаз балалар іріктеліп жатыр.

«Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде облыс өрендері спорттың бірнеше түрінен сынға түсті.

Спартакиаданы фестиваль аясына қосу – мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда үйлену картеждеріне рейд жүргізілді (ФОТО)

Балалар жеңіл аптлетика, үстел теннисі, асық ату, бестас, жүзу, шағын футбол түрлері бойынша бақ сынады.

Айта кетйік, жалпы «Жұлдызай» фестиваліне облыстан 118 бала қатысты. Оның 59-ы – шығармашылық, 59-ы – спорттық кезеңде өнерлерін ортаға салды.

Спартакиадаға қатысушы оқушылар  білім басқармасының сертификаттарымен, «ВІ Жұлдызай» корпоративтік қорының бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттер МО Білім басқармасынан алынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз