Ақтауда 15 шағынауданның 10 үйінен бастап «Самал» шағынауданына дейінгі жағалауды абаттандыру жұмыстары басталды, — деп хабарлады Ақтау қаласының ішкі саясат бөлімі.

Жобаға сәйкес 7,58632 га аумақты көріктендіру көзделген. Құрылыстың аумағы 1329,0м².

Теңіз жағалауын көркейту Ақтау қалалық құрылыс бөлімі тапсырысымен жүргізілмек. Жобалаушы «АТК-Жаңаөзен» ЖШС, мердігер ұйым «Альянс ЛТД» ЖШС.

Теңіз жағалауын көріктендіру жобасы 2018 жылғы 05 ақпанда №15-0032/18 мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алған.

Жағалауды көріктендіру жұмысы осы жылдың қазан айында аяқталуы тиіс.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз