6 сәуір, жұма күні Ақтау қаласының 4-мектеп-гимназиясында 10-сыныпта оқитын Мадина есімді қыз өз-өзіне қол жұмсаған. «Фейсбук» қолданушылары бұл трагедияға мектеп мұғалімін кінәлап отыр. 

Анасы Найла Нарембаеваның айтуынша, ұзақ уақыттан бері  қайтыс болған қызы Мадина мен 4 сыныптас құрбысының арасында түсініспеушілік болып келген. Ал қайғылы оқиға болатын күні  сынып жетекшісі Н.И. Вареник қызы Мадинаны «құрбылары туралы жағымсыз әңгіме таратты» деп сыныптың көзінше айыптаған. Арадағы болған кикілжіңнен кейін Мадина сыныптастарына «Мұғалімнен осыншама сатқындықты күтпегенін» айтып жылаған. Мадинаның сыныптасы Найла Нарембаеваға телефон шалып, мектепте ұрыс-керістің шыққанын, қызы әжесінің үйіне кетіп бара жатқанын айтады.

Ата-анасы бірден қызын іздеуге көшеді. Өкінішке қарай, көп ұзамай 12-шағынаудандағы 5-үйден өзіне-өзі қол жұмсаған жеткіншектің денесі табылды.

Бұл мәселені әлеуметтік желіде алғаш болып көтерген Айсұлу Дүтбаева:

«Мадина покончила жизнь самоубийством после конфликта с учителем и одноклассниками. По переписке в телефоне выяснили, что учительница переходила во время конфликта на личности. На учительницу завели уголовное дело. Доведение ребёнка до самоубийства. (У меня такая информация) А ведь учительница пенсионного возраста. Где же была ее мудрость и опыт педагога?» деп жазды.

Айсұлу Дүтбаева өз парақшасында Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысы Зейнеп Тастеміроваға:

«Зейнеп Тастемірова! Обратите внимание! В 4 школа гимназия нужно полностью менять руководящий состав! Это не может продолжаться так дальше! Столько сообщений в личку получаю от родителей и, чего я не ожидала, от бывших выпускников этой школы! Это какой-то кошмар!» — деп жазды. Бұл жазбаны «Фейсбук» парақшасында 400-ден аса қолданушы бөлісіп, тіпті Whatsapp желісінде қызу тарап кеткен.

Киікбай Жақыпұлы «Фейсбук» парақшасында бала өліміне мектеп ұжымы тарапынан кінәлілер болуы мүмкін екенін жазды. Жазылған пікірлерден кейбір ата-аналар мен қала тұрғындарының 4-мектеп-гимназиясының ұжымына көңілі толмайтынын байқау қиын болмады.

«Осы мәселе бойынша бұрынғы 2015-2016 жылы жазылған гимназия туралы ата-аналар өкпесін, ренішке толы хаттарын қарап шықтым.

— әркез оқушыға жауындай қарау.

— оқушы абыройын сынып арасында түсіру.

— кейбір ұстаздар тарапынан шовинистік, ұлтты менсінбеу, ұлт арасына от салу әрекеттері ата-ана Владимир (2016 жылы, 10 наурызда айтылған пікір) тарапынан айтылған екен.

— Ислам дінінің яғни азиат нәсіліне деген өшпенділік орын алған деп (2015 жылы 17 маусымда Павел жазған. 87016543501) жазған екен. Бұл рас па өтірік пе белгісіз.

Қазақта » Жел болмаса, шөптің басы қозғалмас» деген сөз бар, осындай өкпе-реніштер тексерілді ме?» — дейді К.Жақыпұлы өз жазбасында.

 Ал әлеуметтік желіде пікір қалдырушылардың ойлары төмендегідей:

Маржан Наурызбаева (ұстаз), Назира Меийрман, Зарина Павлова есімді желі қолданушылары (ата-ана) өздері куә болған сәттер туралы айта келіп, бұл мектепке қатысты  теріс пікірлерін білдіреді.

Кейбір қолданушылар «Баланың өз-өзіне қол жұмсауына мектеп ұстаздары кінәлі болмауы мүмкін. Ең алдымен, балаға отбасы, ата-анасы әсер етуі керек» деген пікірде.

Inaktau.kz сайтының хабарлауынша, 10 сәуір күні, яғни кеше ғана №4 мектеп-гимназиясына жаңа директор тағайындалған. Жаңа басшы трагедияға қатысты қандай да бір пікір айтудан бас тартқан.

Облыстық білім басқармасына хабарласқанымызда, бала өлімі жайлы қандай да бір мағлұмат алдағы уақытта берілетінін хабарлады.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексітінің «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» деп аталатын 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды.  Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жарияланбайды», — деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Әзірге Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық білім басқармасынан жауап күтеміз. Қалай десе де, ел арасында бұл трагедияға қатысты екіжақты пікір бар.

Айгүл ДӘДЕН
Суреттер ғаламтор бетінен алынды

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда экс-депутат жоғалып кетті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз