17 жасар Бейбіт Жұқаев жақында өткен Қазақстан чемпионатында екінші орынға ие болды. Ақтауда Айдын Жаңабергеновтен тәлім алған жеткіншек бүгінде құрама сапында жаттығады. Қазіргі жаттықтырушысы чехиялық Павел Петр.

Ересектер арасындағы қысқы чемпионат Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өткен. Теннисшілер ақпанның 5-10 –ы аралығында жекелей және жұптық сында өнер көрсеткен.

-Дода өте тартысты өтті. Корттағы ең жауапты сәтте оған жаттықтырушысы Айдын Жаңабергенов қолдау білдірді. Бейбіт болашағынан көп үміт күттіретін спортшы. Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Дмитрий Попко сынды мықты теннисшілердің ізін жалғап келе жатқан қазақ баласы. Біздің теннис орталығының мақтанышы Маңғыстаудың намысын үлкен жарыстарда лайықты қорғай білетініне сенеміз», — дейді теннис орталығының басшысы Азат Мангубаев.

Бейбіт 6 жасынан тенниспен айналысып келеді. Қазір әлемдік рейтингте 153, еліміз бойынша 9-орында тұр.

-Бейбіттің ата-анасына үлкен рақмет айту керек. Осы күнге дейін Бейбітке қолдау көрсеткен, бүкіл қажетті қаржыны жұмсаған сол кісілер, — дейді орталық басшысы.

Бүгінде Теннис орталығында 5 жастан 18 жасқа дейінгі 234 бала жаттығады. Олардың 180-і үлкен, 54-і үстел теннисіне қатысады. Кортқа кезекке тұрып ойнайтын олардың спорттың бұл түріне деген қызығушылығы басым екенін аңғаруға болады.

Бейбіттің 2017 жылы қатысқан жарыстары мен алған жүлделері:

ITF Junior Capital Cup G4 Астана 20.02.2017 ж1 орын жұптық
Actable ITF International Junior Tournament 27.02-04.03.2017 ж

2 орын жеке, 3 орын жұптық

ITF Junior G4 «Almaty Open» Алматы қаласы 1 орын жұптық
ITF Mziuri Cup 2017 Грузия 2 орын жеке, 1 орын жұптық
ITF Junior G5 “ITF International Junior” Шымкент 1 орын жұптық және жеке
Tashkent ITF Juniors Өзбекстан 24-29.07.2017 ж2 орын жеке, 3 орын жұптық
Fergana Cup Узбекистан Өзбекстан 7-12.08.2017 ж2 орын жұптық
1st ITF Perlis Junior Championship 2017 Малайзия  2-8.10.2017 ж1орын жұптық, 3 орын жеке
Ust-Kamenogorsk ITF Junior G3 Өскемен 06.11.2017 ж2 орын жеке
Siberian Open  Россия Ресей 30.10-04.11.2017 ж3 орын жеке
Зимний Чемпионат Астана 05.02-10.02.2018 ж. 2 орын жеке
Международный турнир Ақтөбе қаласы 12.02-18.02.2018 ж.

 

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз