Ақтауда сенбі күні әдеттегідей балалар көршілердің есігін қағып, тәтті дәмнен ауыз тиді.  Ақтау проваславтық шіркеуінде жиналған жұртшылық таңнан кеш батқанша (Христос Воскрес күні аяқ басқанша) от жағып, Пасха дәмін насихаттап отырды.

Биыл католиктер мен православтар бұл мейрамды 7 сәуір күні  сенбіде  тойлады. Әртүрлі христиан конфессиялары әрқилы күнтізбе қолданатындықтан, Пасха мерекесі әрдайым бір уақытқа сәйкес келе бермейді. Пасха — Иса мәсіхтің қайта жандану құрметіне арнап белгіленген христиандардың көне қасиетті мейрамы.

Христиандар бұл мейрамда Пасха күнінде түрлі тәтті тоқаштар таратып, жұмыртқаларды түрлі түске бояйды.

Қандай жағдай болмасын, Пасха күнінде барлық жұмыстарды кейінге қалдырып, демалуға уақыт арнау керек делінеді. Бұл келген мереке қарсаңында ерекше тыныштықты сезіну үшін қажет деп түсіндіреді.

Ғаламтор бетіндегі материалдарға сүйенсек, әр ел Пасха мейрамын әр түрлі тойлайды екен.

Христиандар Пасха күнінде жұмыртқаларын түрлі түске бояйды, ал Ресей мен Балкан елдерінде сол түрлі-түсті жұмыртқаларын бір-бірімен қақтығыстырады. Бұрын орыс селоларында жұмыртқаларды төбенің басынан домалатып жарыс ұйымдастыру дәстүрі болған.

Балкан елдерінде Пасха мейрамында мұсылмандар Құрбан айттағыдай қой сойып, салтанатты тағамдарын дайындайды. Бұлғарстанда бір мейрамында бір қойын түгелдей қуырылып дастарқанға қояды. Бір қойды таба алмаса, қой санынан дөнер кәуап сияқты «бедро» деген тағам жасайды немесе шашлык кәуапты ғана қуырып жасайды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Журналистерге құрмет көрсетті

Еуропада католиктер мен протестанттар Пасхалық қояндарын жасайды. Оны ойыншық немесе қоянның сипаты бар шоколад түрінде жасайды. Германияда түрлі-түсті жұмыртқаларымен фонтандарды, хауыздарды және бұлақ көздерін әшекейлейді.

Православ христиандар бір-бірін бетінен сүйеді, Пасха мейрамымен құттықтайды, бір-біріне «Христос тірілді!» дейді, оған «Шынымен тірілді!» деп жауап береді. Иегованың куәгерлері Пасханың дәстүрлеріне қарсы шығып, тек Христостың тірілуіне сеніп, бұл күнде бір-бірін құттықтап, мейрамын Құдайға арналған дұғаларында өткізеді.

Айгүл ДӘДЕН
Сурет Tumba.kz сайтынан алынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз