Бейнеу аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай және 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған 2006-2008 жылғы туылған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен облыстық ашық біріншілік өтті.

Жарыстың мақсаты — спортшылардың шеберлігін шыңдау, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар өзара достық спорттық байланыстарды нығайту. Жарысқа 6 командадан 130-ға жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Атап айтсақ Ақтау, Жаңаөзен, Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу және Сам ауылы құрама командаларының спортшылары спорттық шеберліктерін танытты. Екі күнге созылған бұл бәйгеде оза шауып, топ жарған Бейнеу ауданының құрама командасы І орынды, Маңғыстау ауданының құрама командасы ІІ орынды және Ақтау қаласының құрама командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаз спортшыларға арнайы дайындалған диплом, медалдар мен кубоктар табысталып, марапатталды.

Үміт ҚАЗДАЕВА

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңа медиа тақырыбы таушықтықтарға түсіндірілді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз