Біз туралы

«Маңғыстау – Медиа» – облыстағы қоғамдық маңызы зор беделді басылымдарды бір арнаға тоғыстырған орталық. Маңғыстау облысы Әкімдігінің Қаулысымен «Маңғыстау – Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) 2013 жылы  4 ақпанында ҚР Әділет министрлігінде заңды тұлға болып бекітілді. «ММ» холдингіне облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау», қалалық «Жаңаөзен», Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір», Бейнеу аудандық «Рауан», Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы», Қарақия аудандық «Қарақия», Мұнайлы аудандық«Мұнайлы» газеттері кіреді. Сондай-ақ, Ogni.kz, 7292info.kz  сайттары жұмыс істейді.

«ММ» холдингін құруға атсалысқан Бейсенов Тельман Әбдібекұлы сол кезеңнен-ақ директордың міндетін атқарушы болды. Холдингті 2014-2015 жылдар аралығында Мелдешов Ғалымжан Сәрсенбайұлы басқарды. 2015 жылдың қараша айынан бастап Уәлиханов Дархан Уәлиханұлы басқарды. 2017 жылдың маусымында Сағындық Рзахметов «Маңғыстау–Медиа» ЖШС директоры болып тағайындалды.

Қоғамдық пікір қалыптастыруға мұрындық болған облыстық «Маңғыстау» газетінде 1973 жылдан бастап, О.Ізбасаров, Л.Сәдуақасов, Т.Медетбек, Ж.Ахметов, Г.Сейітжан, Х.Қыдыров, А.Нәріков, Ә.Спан, С.Әділханов, Т.Шадықұлов, А.Бектұрғанов, М.Іңірбаев, З.Исағұлов, М.Әбуов т.б. қаламы ұшқыр журналистер мен ақын-жазушылар қызмет атқарды. «Огни Мангистау» – 1967 жылдың 1 шілде айынан бастап орыс тілінде жарық көрген облыстағы тұңғыш басылымдардың бірі.  85 жылдық тарихы бар «Ақкетік арайы» газетінде Ж.Сәрсенбин, Ғ.Нұрымов, Ж.Қызылбаев, Е.Іңірбай, М.Кемер, А.Қыдыр сынды белгілі журналистер жұмыс істеді. 1985 жылдан бастап жарық көрген «Қарақия» газетінде М.Болат, І.Ахметов, Б.Үмбетов, Е.Нәрембаева, М.Ғұмарова сынды республикаға белгілі мамандар жазып тұрды. Ал «Жаңаөзен» газетінің 1990 жылдан бері жалындап шығып тұруына Ж.Айдарбаев, Т.Мыңжас, А.Қатешова, Е.Нәрембаева, Т.Құсайын, З.Исағұлов, М.Әндірғалиев, И.Левгеров, М.Кодзоева, Б.Ботабаев, Т.Жакешова, М.Ұлықпан, А.Сәрсенова, Г.Мұрынова және Ш.Батырханованың еңбегі зор. «Жаңа өмір» газетінде Т.Икембай, Ш.Амандықов, Т.Смағұлов, Х.Сұлтангелдиев, М.Неталиев, А.Әбдіров, Ж.Жапақов, К.Ұзақбай, Д.Әріпов, Л.Сәдуақасов, З.Исағұлов, С.Шәкірат, Ж.Селбаев, Ш.Батырбаева, Т.Орақұлы, Ә.Қонарбаев, Қ. Аманиязов, Х.Шаров, Ө.Оңғарбаев, Қ.Демеубергенов, Б.Байекеев, Қыдырбай, Ә.Тұрмағанбетовтер, Т.Атшыбаев сияқты белгілі тұлғалардың қолтаңбалары бар.

7292info.kz сайтына қош келдіңіз!

Бүгінде әлемдік БАҚ жаппай интернеттенуге көшті. Заманның талабына сай дәстүрлі медиа түсінігімен қатар, жаңа медиа өнімдері пайда болды. Сол себепті, басылым беттерінде жарияланып жүрген материалдарды электронды түрде оқуға ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ өңірдегі  жаңалықтарды жедел әрі дәйекті түрде жеткізіп отыру мақсатында жаңа леппен ақпараттық сайт ашуды жөн көріп отырмыз.

  • 7292 INFO – Маңғыстау облысы бойынша жедел әрі дәлелді жаңалықтар тарататын бірден-бір жетекші сайт. Өңірімізде болып жатқан өзекті оқиғалар мен түрлі өзгерістерден, спорт, мәдениет, өнер саласындағы жетістіктерден хабардар болғыңыз келсе, сайтымыздың тұрақты оқырманы болыңыз!