Биыл Маңғыстау облысына дәрі-дәрмек сатып алу үшін республикалық бюджеттен 2,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бүгінде облыс бойынша науқастардың 70%-ы немесе 72 мыңнан астамы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

2018 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыруға көшуге байланысты қаражат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады.

Сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес келесі жылдың қаңтарынан бастап Қор барлық дәрі-дәрмекті бірыңғай дистрибьютордан сатып алады. Дәрілік заттар мен фармацевтикалық қызметтерді толық көлемде сатып алу арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсына аламыз.

Бүгінгі таңда «СК-Фармация» ЖШС 2018 жылға дәрі-дәрмек сатып алу жұмыстарын бастап кетті.

«Жаңа туған нәрестелерге арналған дәрі қобдишасы, бір жасқа дейінгі балаларға арналған сүт қоспасы, фенилкетонурияға шалдыққан жандардың арнайы тамағы, гемофилиямен ауыратын науқастардың қан ұюы сияқты бірқатар мәселелер шешілмеген. Осы сынды дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы заттар мен емдік тағамдар «СК-Фармация» ЖШС-нің сатып алған тауарларының тізіміне енгізілмеді», – деді денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Клара Оралбаева.

Дәрігерлердің айтуынша, жыл сайынғы дәрі-дәрмектердің тапшылығы – амбулаториялық деңгейдегі жиі белең алатын жағдай. Сондықтан облыс тұрғындарын қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондай-ақ маусымдық аурулардың көбеюі (бронх демікпесі, жедел фарингит, тонзилит және т.б.) және жыл сайын дәрі-дәрмек бағасының өсуі – түйіткілді мәселелердің біріне айналып отыр.

Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы оқыңыздар: Ақтауда «Әкем — асқар тауым» атты облыстық әкелер форумы өтті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз