«Денсаулық- терең бақыт».

Абай Құнанбаев

XXI ғасыр – ақпараттардың аса молдығы бойынша бұрын-соңды болмаған ғасыр. Біз балаларға денсаулықты сақтау, түрлі аурулардың алдын-алу, салауатты өмір салты туралы көп айтып жүрміз. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі.

спорт, дене шынықтыруЖаңаша оқыту технологияларын қолданып, оқушылардың шапшандық қабілетін жан-жақты дамыта отырып, дене шынықтыруға баса назар аударатын және өткізген әрбір сабағы шәкірттері үшін жаңа бір әлем есігін ашқанмен тең жаңашыл, нағыз волейболшы, спортшы «Құрық орта мектеп гимназиясы» дене шынықтыру пәні мұғалімі Айжан Талгалиқызы Нуржауова.

Айжан белгіленген спорт саласы бойынша оқушының жалпы және арнайы дайындығын көрсетіп, дене жаттығуларымен жүйелі айналысуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар спорттық үйірмелер, ұйымдар мен топтардағы жұмысты жүргізіп, оқушылардың спорт пен дене тәрбиесі жаттығуларына қызығушылығын туғызып, салауатты өмір салтының негізін қалап келеді.

Волейбол ойынының хас шебері оның бағындырған белесі көп, қай жерге жарысқа бармасын командада Айжан қыз бар десе, қарсыластарының мысы басылатын. Себебі,  ол  дайындаған топ, үйірме оқушыларын барған жерден жүлдесіз оралмайды.

Атап айтар болсақ, аудан көлемінде 7-11 сынып оқушылар арасында қыздар волейбол жарысынан ІІ орын иеленді.

2016-2017 оқу жылы 6-7 сынып оқушылары 5 кезеңнен 18 команда ішінен финалға шығып, облыстық «ДАРАБОЗ» спорттық сайысынан І орын иеленді.

Петропавл қаласында өткізілген «Я – чемпион» атты Республикалық жарысқа жолдама алып, оған қатысқаны үшін дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, қатысқанын растайтын сертификат берілді. Сонымен қатар «Балдаурен» лагерінде  осы жарысқа қатысқан оқушылар демалып келді

Денсаулық — байлық қана емес, ол адам бақытының бастауы, тіршілік көзі. Спортпен шұғылданған баланың денсаулығы мықты, өзі әлді, төзімді, икемді, әрі нәтижелі болады. Қазақстанда Айжандай ұстаздарымыз көп болып, аянбай тер төксе, жас  спортшылар еліміздің көк туын әлем көгінде желбірете бермек!

Кумисай СЕРЕКБАЕВА,

Құрық орта мектеп-гимназиясының технология пәні мұғалімі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз