Ауыр деңгейдегі зерде бұзылыс­тары бар балалармен жұмыс жасау – ауыр және күрделі. Ол өзі ғана емес, жан-­жақты мәселелерді қарасты­рады.

Мен Бейнеу ауданындағы арнайы (түзету) кабинетте 2008 жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс жасап келемін. Осында келген балалардың жалпы мінездемесі — әр түрлі. Яғни үйден, ауылдардан оң мен солын ажырата алмай келіп отырған балалар. Арнайы (түзету) кабинеттегі балалардың алғаш келуінің өзі де әр түрлі. Балалардың барлығында дерлік өздігінен киініп, аяқ киім кие алмайтын еді.

Ерекше ба­лалардың арасында есту қабілеті, тірек­-қимыл қозғалыстары бұзылған, интеллектісі төмен, психикалық дамуы тежелген және жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған түрлі деңгейдегі балалар кездеседі. Баланың ауытқушылық деңгейін нақты біліп, оның баланың санатты дамуына қандай әсерін тигізетінін анықтау керек. Бұл жүйелі түзетушілік­-дамытушылық жұмысты дұрыс жүргізуге септігін тигізеді.

«Ере­кше білімді қажет ететін» балаларды психологиялық және педагогикалық оқып тануда, осы балаларға сай жалпы мінездемелер беріледі. Яғни сөй­леу қабілетінің және қабылдаудың нашарлығы, зейіннің тұрақсыздығы, есте сақтау, ойлау, елестету, эмоциялық-ерік сфе­расының, моторикасының бұзылуы және көру­ қозғалыс кординациясының, жұмысқа қабілетсіздігі сияқты қасиет­тердің төмен болады. 1 ­жыл бойына балалармен арнайы кабинетке үйрену, ұжымға баулу және де өздеріне қызмет жасай алу сияқты жұмыстар жасалады. Балалар дәптер кеңістігін бағдарлай да алмайды, тіпті қалам ұстау дағдысы жоқ. Тәрбиешінің шар­тын дұрыс түсінбейді. Тек күнделікті тұрмыстық сөздерді ғана ұғады.

Де­генмен, осы салада жасап келе жатқан тәрбиешілердің, көмекші тәрбиеші­лердің еңбегінің арқасында жыл соңында балалар айтылғандар бойынша біраз жетістік­ке жетеді. Айта кетсек, өздігінен дәретханаға бару, тамақты дұрыс ішу, өз орнын табу, құралдарын жинау, өз заттарын тауып кию және қалам ұстап, дәптер мен кітап­ты ажырата бастады. Былтырғы жыл­ға қарағанда, балалардың біраз нәрсе үйренгенін байқауға болады. Жыл санап өсуі мен даму деңгейі одан әрі жаңа әдістермен дамытуды талап етеді.

Ауданымызда соңғы 3 жылмен салыстырғанда «ерек­ше» балалар саны көбейіп, жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан түзету кабинеті педагогтарының алдында олардың даму барысы бойынша жұмыс жасау міндеті тұр. Арнайы түзету кабинетінде логопед, сурдолог, дефекто­лог маман­дар жұмыс жасайды. Солардың еңбегінің арқасында балала­р өз білімін мектеп қабырғасында жалғастырып жатыр.

Марал ҰЗАҚБАЕВА,

II санатты тәрбиеші

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз