24 шілде күні сағат 12.58-де ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді.

Еске салсақ, 11 шілдеде Астананың математика сабағының мұғалімі ЭКСПО-2017 көрмесінің миллионыншы келушісі атанған болатын.

Өткен аптада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 285 300 адам келіп, орта есеппен алғанда күніне 40 757 қонақ болған. 10 маусым мен 23 шілде аралығында Көрмеге келген келушілердің жалпы саны 1 484 300 адам.

Келушілер ең көп тамашалаған павильондар:

1.     Африка Плазасы

2.     Мысыр

3.     Үндістан

4.     Ресей

5.     Түркия

6.     Жапония

7.     Сауд Арабиясы Корольдігі

8.     Өзбекстан

9.     Таиланд

10.  Түрікменстан

Көрме кешенінің ең көп тамашаланатын нысандары:

1.     Нұр-Әлем

2.     Коммерциялық павильондар

3.     Шелл балалар лабораториясы

4.     Балалар саябағы

5.     Тақырыптық С3.5

6.     Дю Солей циркі

7.     Тақырыптық С2.4 павильоны

8.     Амфитеатр

9.     Шығармашылық энергия аймағы

10.   Үздік тәжірибелер аймағы

Дереккөз:  inform.kz 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз