Facebook әлеуметтік желісі қолданушыға оның суретінің жүктелгені туралы хабарлап отыратын жаңа функцияны іске қосады, — деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы TechCrunch-ке сілтеме жасап ТАСС жазады.

Портал хабарлағандай, Photo Review деп аталатын жаңа функция желі қолданушысының қандай да бір суретінің белгіленбей, «тэгтелмей» жүктелгені туралы біліп отырады. Егер қолданушы өзінің суретін басқа бір адамның жүктегенін байқаса, онда ол суретін өз бетінше белгілей алады немесе жойып жіберуін сұрайды. Егер суретті жариялаушы суретті жоюға келіспейтін болса онда Facebook-тің техникалық қолдау қызметіне хабарлау мүмкіндігі болмақ.

Сонымен қатар қолданушылар жаңа технологияның қызметін мүлдем өшіріп немесе адамның түр-келбетін анықтайтын шаблондарды алып тастай алады. Photo Review жақында Еуропа елдері мен Канададан басқа Facebook жұмыс істеп тұрған барлық елде іске қосылады. Өйткені бұл мемлекеттерде заң бойынша әлеуметтік желілерде адамдардың келбетін анықтайтын технологияларды қолдануға тыйым салынған көрінеді.

1 ПІІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз