Жақында Жаңаөзен қалалық әкімдігінде көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды.

Көп балалы отбасы — береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазір көп балалы отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, десе де оның оқуы, жоғары білім алуы мен қазақ үшін қасиетті үйлену тойын жасап, баспана әперу — әрбір қазақтың мұңы болғандықтан, көп балалы отбасына таңсықпен қарайтыны бар. Алайда қоғамда қалыптасқан мұндай стереотиптерге қарамастан, еліміздің демографиялық дамуына өз үлесін қосып жатқан әйелдер аз емес.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: АИТВ: вирустың жұғу жолдары және адам бойындағы өзгерістер

Алтын құрсақты аналарды Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Сәнім Танаева, Жаңаөзен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуандық Бекмағанбетов пен қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Мұса Ходжабеков құттықтады. Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №638 Жарлығымен Айкерім Базарбаева «Алтын алқамен», Асыл Жұмаева, Райля Жолдасова мен Майша Сәдуақасова «Күміс алқамен» марапатталып, гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Марапатталған аналар қала басшылығымен естелік суретке түсіп, бір-біріне тілек тілесті.

Әсел ҚОЙШЫБАЕВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз