«2017 жылғы 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери-теңіз күштеріндегі топтар құрамында бөлімшелер мен бөлімдерді жаттығу өткізілуде», — деп хабарады Әскери-теңіз  күштерінің баспасөз қызметі.

Бұл іс-шара ұдайы жауынгерлік әзірлік қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құралымдар мен бөлімдердің жауынгерлік даярлық деңгейін тиісті түрде ұстауды мақсат тұтады.

–   Осыған байланысты 25 желтоқсан мен  5 қаңтар аралығында кеменің күнделікті қызметін ұйымдастыру № 1 элементі бойынша іс-шаралар пысықталды, соның ішінде: кеменің жалпыкемелік регламенттейтін күнделікті құжаттамаларын әзірлеу, кемедегі күнделікті күн тәртібі, кезекшілік қызметі, тәрбие және идеологиялық жұмыстар пысықталды.№ 2 элемент бойынша – қорғанысты ұйымдастыру, кеме қаруы мен техникалық құралдарын қолдану тәсілдері, кемені барлық қарудың және оқ-дәрілердің барлық түрлерін қабылдау мен тапсыруға дайындау және т.б. дайындығы тексерілді, -дейді бұл туралы әскери-теңіз күштерінің баспасөз қызметкері Жәмила Тұяқбаева.

Шахида ЖҰМАН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз