Қазақстан азаматтығын сатпақ болған көші-қон қызметінің шенеунігі ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ҰҚК департаментінің жедел тергеу тобымен бірге әзірленген арнайы операция барысында 10 сәуір күні облыстық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Н.Төлегенұлын ұстады. Ол Ауғанстанның 4 тумасына Қазақстан азаматтығын алуға көмек көрсету үшін 3500 доллар (шын ақша) және 30 мың доллар (муляж) көлемінде пара алу кезінде ұсталды», — деді Алмас Садубаев.

Оның айтуынша, Н.Төлегенұлы Шымкент қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз