ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті xалық санының есептеуішін іске қосты, — деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Енді комитеттің ресми сайтында Қазақстан xалқының нақты санын онлайн режимде көріп отыруға болады.

Аталған жүйеде туу, өлім, шетелден келу мен шығу сияқты көрсеткіштер автоматты түрде ескеріледі. Халықтың санын жынысына қарай бөлуге де болады.

«Бұған дейін біз Қазақстан xалқының есептеуішін іске қосамыз деп айтқан едік. Міне, бүгін осы жобаны таныстырып отырмыз. Оған алты айдай уақыт кетті. Бюджеттен ақша жұмсалған жоқ. Барлығы комитет қызметкерлерінің өз қолымен жасалды», — деді комитет төрағасы Нұрболат Айдапкелов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Онлайн есептеуіштің мәліметіне сәйкес, 13 желтоқсан сағат 11:29-да Қазақстан xалқының саны 18 146 122 адамды құрады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз