Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біз жақында Парламентке допингке қарсы қызмет бойынша заң жобасын ұсынамыз. Допингке теріс көзқарастамыз, әрине. Осы заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда бұл мәселе болмайды деген ойдамын», — деп атап өтті ол.

Министр қазақстандық спортшылардың 2018 жылғы Олимпиадада жетістіктерге қол жеткізу үшін белсенді түрде дайындалып жатқанын айтты.

«Біздің қазіргі мақсат көбірек жолдама алып, Олимпиадада жақсы нәтиже көрсету. Қазір бізде 17 жолдама бар, бұл қуантады», — деді Мұхамедиұлы.

Еске салайық, еліміз қысқы Олимпиада ойындарына спорттың 9 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Олар: биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру, шана спорты, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, фристайл.

2018 жылғы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ақпанның 9-ы мен 25-і аралығы өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз