Бүгін Олимпиада алауы Грекиядан Корея Республикасына жеткізілді. Мұнда 100 күннен соң Пхенчхандағы қысқы олимпиада ойындары басталады.

-Бәріміз асыға күткен сәт те келді. Олимпиада алауы Кореяға жетті. Енді жарыстың ашылу рәсімінен бізді 100 күн ғана бөліп тұр. Біздің арманымыз шындыққа айналды, — деді өз сөзінде Пхенчхандағы 2018 қысқы Олимпиада ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ли Хи Бом.

Алау эстафетасының басталуы әрбір адамның өзін Олимпиаданың бір бөлшегі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Олимпиадалық комитет таңдаған 7500 алаушы Кореяның барлық бұрышын аралап, 2018 шақырымды жүріп өтпек.

Инчхон әуежайында 750-ге жуық адам жиылған салтанатты рәсімге Премьер-Министр Ли Нак Йонг, Мәдениет, спорт және туризм министрі Джон Хван, сондай-ақ, 2010 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ким Ен А қатысты.

2018 жылы қысқы Олимпиада ойындары 9-нан 25-ақпан аралығында, Паралимпиада ойындары 9-18 наурыз аралығында өтеді.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Дереккөз: tass.ru

Тағы оқыңыздар: Мүгедектер күніне орай жарыс ұйымдастырылды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз