Соңғы жылдары 15 сәуірде елімізде ғашықтар күні кеңінен атап өтіледі. Бұл атаулы мерекеде Маңғыстаудың жарасымды үш жұбы Мейірбек пен Гүлмайса, Ержан мен Айнұр, Сәкен мен Гүлім Қарт Каспий жағалауында кіршіксіз көңілдерін, риясыз сезімдерін білдірді.
Махаббатсыз дүние бос деп, Абай атамыз айтқандай өмірдің мәнін, сәнін келтіретін алып күш – махаббат. Жүректерінде жылы сезім ұялаған үш жігіт аруларын қаламыздың көрікті жері, ғашықтар мекеніне айналған жағалауға кешкі кездесуге шақырды. Көп кешікпей межелеген уақытта хор қызындай хас сұлулар да келіп жетті. Серілеріміз сүйіктілеріне гүл шоқтарын ұсынды. Бұл әрекет көркем қыздардың көңілдерін көкке көтерді, оған олардың күлімдеген көздері, бал бұл жайнаған жүздері дәлел болды.
— Мен өте қуаныштымын, бақыттымын. Сүйіктім Мейірбекпен 7 ай бұрын достарымыздың туған күніндегі отырыста танысқан едік. Салмақты мінезімен, адамгершілік, адалдық секілді қасиеттерімен мені баурап алды, — дейді Гүлмайса.
Арулардың айтуы бойынша, ұлттық мәдениетімізге, халқымыздың салт-дәстүрлеріне негізделген жаңа тұрпатты мерекенің дәстүрге айналып келе жатқандығы қуантпай қоймайды, өйткені ол бұрын ақпан айында аталып жүрген халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналуда.
Романтикалық кеш соңында ғашықтар естелік суретке түсті.

Айнұр ҚОБЛАНОВА
Суретті түсірген  Талант ҚҰСАЙЫН

4

8

2

17

14

13

16

5

6

7

11

12

10

9

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз