Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу бағдарламасын іске асыру нәтижесінде аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратында Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшылары ветеринария қызметкерлері мен Түпқараған аудандағы мал иелерімен кездесуін өткізді.

Жиын барысында мал басын есепке қою, малды сәйкестендіру (чипование, биркование, таврирование), мал ұрлығының алдын алу шаралары жайлы сөз қозғалды. Мал шаруашылығымен айналысатын адамның міндеті малын чиптеу қажет. Түпқараған ауданындағы мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар 100 пайыз чиптелген. Жылқы малын тіркеп, біркелкі ету мәселесі шешілмей отыр.

— Малды қараусыз жібереміз, түйе, жылқы малдары далада жайылады деп, қараусыз қоямыз, малды заманға сай бағуымыз керек. Жетібай кентінде түйе малын кезекпен бағу тәсілі бар, — деді облыстық ветеринариалық-санитариялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, Маңғыстау облыстық мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Нұрсұлтан Дүйсебек.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаудың іскер әйелдері «Аңыз тұлға» жобасын ұсынды

Түпқараған — облыста ең көп мал басы тіркелген аудан. Барлығы 97 шаруа қожалығы бар. Аудан бойынша барлық мал иесін қамту мүмкін болмағандықтан жақын арада ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасымен ішкі істер бөлімі бірлесіп рейд жүргізуді қолға алмақ.

Егер де мал иелері өздерінің мал басын ауыл шаруашылығы басқармасына, ветеринарлық станция бөліміне есепке қоймаған жағдайда, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Жадыра ЖОЛДАСОВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз