Желдің соғуы қалыпты болған біздің өңірімізде соңғы күндері желдің құбылуы жиілеп кетті. Мамандардың тілімен айтқанда, Маңғыстау облысында дауылды желдің жылдамдығы 25 м/с асады, ең жоғарғысы — 40 м/с және одан да көп. Мұның келтірер зардабы да аз емес.

— Жел тұрған кезде (14-17 м/сек) көшеде қондырылған жарнамалық шиттар, жеке тіреуішке бекітілген транспараттар, жарықдиодты паннолар құлауы мүмкіндігін ескеру керек, — дейді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнара Ходжабекова. — Дауылды жел кезінде (24 м/сек дейін) қаладағы ағаштар құлап, электр беретін сымдар үзілуі мүмкін. Сымдардың үзіліп, от шашуынан өрт болуы мүмкін. Қатты жел кезінде (28,4 м/сек дейін) құрылыстардың кейбір жерлерінде бұзылулар пайда болады. Үйлердің шатырлары ұшып, терезелер сынуы мүмкін. Ағаштардың, құрылыс құрылғыларының құлауы, өту жолдардың және автомагистралдардың жабылып қалуына кедергі келтіруі мүмкін. Дауылды жел кезінде (32м/сек және одан да көп) кешенді құрылғылардың, экекртранспорттарының байланыс жүйесінде, электр беретін коммуналдық-энергетикалық желілерде, автокөліктерде күрделі бұзылулар болуы мүмкін. Дауылды жел қаупі туған кезде алдын ала қабылдағыштарыңызға батарейлерді дайындап қойыңыз, ол ТЖ және жергілікті органдардың хабарламаларын тыңдауға мүмкіндік береді. Балкондарыңызды тексеріп қараңыз. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекіту немесе бөлмеге кіргізу керек. Жеке автокөліктерді ағаштардың жанынан және ескі құрылғылар маңынан алып тастау қажет. Қатты жел кезінде жарақаттанып және зардап шегіп қалмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы керек. Желдің күшеюі кезінде ғимараттан шығуға шектеу қойыңыз.

Сондай-ақ төтенже жағдайлар департаментінің мамандары балаларды қараусыз тастамау керек екенін ескертеді.

— Егер қатты жел сіз далада жүрген кезде көтерілсе, жер асты өту жолдарында немесе ғимарат подъездерінде күтуіңізге болады. Қатты жел кезінде үйлерге жақын тұрмаңыз, шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін. Қоғамдық көлік аялдамалардың, жаднама щиттарының, салынып бітпеген құрылыстардың, ағаштардың жанында да тұруға болмайды. Мұндайда электр сымдарының, мейлі ол үзілген болса да, бұлардың қасында тұру қауіпті. Қауіп сезінсеңіз және құтқару іс-шараларын жүргізу қажетт деп тапсаңыз, 101, 112 телефондарына хабарласыңыз. Егер сіз қар көшкіні және дауылды жел кезінде автокөлікте болсаңыз, барынша жылы киініңіз, алдын ала багажниктен қажетті заттарды алыңыз. Машина радиаторын желге қарату керек. Машинаны қар басып қалу жағдайы туындаса, көлік жанына ұзын алты белгі қағыңыз. Машинаны қалың қар басу қаупі болған жағдайда әрдайым бір есікті ашып отыру керек. Қар басып қалған машинада двигательді қосуға болмайды. Мотор жасап тұрса, одан газ бөлініп, ол автокөліктің ішкі салонына жиналады. Егер жылынғыңыз келсе, онда автокөліктен сырқа шығып, газ атмосфераға кететіндей етіп оталу тұрбасын ашыңыз, газ машинаның астына кетпеуі керек. Бұның алдында шығар кезде жіпті өзіңізге байлаңыз, ал оның екінші шетін салонға байлаңыз, — деді Гүлнара Мұсақызы.

 Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

Сурет ВК Пресстен алынды