Күні кеше Елордада өткен, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын және «Парыз» бизнес әлеуметтік жауапкершілігі байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының, «Іскер» арнайы сыйлығының және «Ұлы дала елі» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Айта кететін жайт, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы өнім мен қызмет сапасы саласындағы кәсіпорынның салмақты нәтижелері үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сонымен қатар сапа менеджментінің жоғары сапалы әдістерін табыспен енгізгені үшін табысталады.

Маңғыстаудан кеткен 7 компанияның 4-уі Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев және МО іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Сәуле Халеловадан құттықтаулар мен арнайы сыйлықтарын алды. Бұл байқауда өңірдегі  Жамал-ай» фабрикасы «Қазақстанның үздік тауары» байқауында 3-ші орынды иеленді. «МКС Логистик» ЖШС-не «Ұлы дала елі» атағы тағайындалды. Ал, «Каскор Машзауыт» Республикалық «Алтын сапа» байқауының сыйлығы бұйырды.  Ал, «Каспий Битум» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде «Іскер» номинациясының жеңімпазы болды. Естеріңізге сала кетейін: «Алтын сапа» Республикалық байқауынан Маңғыстаудың кәсіпкерлері соңғы рет 2006,2014,2015 жылдары жеңіспен оралған. Ал, «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінен 2012, 2013 жылдары жеңіске жеткен еді.

Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз