Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің қаулысымен облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысы болып Құрманбек Жұмағали тағайындалды. 

Айта кетейік, Құрманбек Жұмағали осы жылдың маусым айынан бері Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген еді.

Ол 1985 жылы 7 тамызда дүниеге келген, 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.

Бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры ҚҚ директоры, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметінің жетекшісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясының және аймақтық дамыту Дирекциясының директоры, ұлттық арнадағы «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі, Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарған, сондай-ақ «Хабар» арнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, қорытынды жаңалықтар жүргізушісі болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз