Бұл жөнінде бүгін Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің алғашқы тоқсан бойынша қорытынды есебінде айтылды.

2018 жылдың 1-тоқсаны бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 103,3% орындалып, 3,1 млрд теңге жоспардан артық түскен. Ал жергілікті бюджет бойынша жоспар 30,9 млдр. теңге болса, түсім 33,5 млрд. теңгені құраған.

Жергілікті бюджет бойынша төмендегідей салықтардың түсімі жоғарылаған:

-Табыс салығы;

-Әлеуметтік салық;

-Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық;

-Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы;

-Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша былтырмен салыстырғанда өсім 17%-ға жоғарылып, республика бойынша алдыңғы орынға шықтық. Алғашқы тоқсан бойынша өсім өткен жылғыдан 44% -ға (54,5 млрд. теңгеге) артық орындалды. Шоғырландырылған бюджет түсімінің есебі бойынша республикада Астана, Алматы, Атыраудан кейінгі төртінші сатыдамыз. Алда жыл бойғы межені толық орындаймыз деген жоспар бар», — дейді МО Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әлібек Тілегенов.

Түсімдердің өсу қарқынының жылдан-жылға ұлғаюының негізгі себептерінің бірі – салықтық әкімшіліктендіру жұмыстарының тиімді жүргізілуі. Осы орайда Департамент басшысы «Астана-1» ақпараттық жүйесіне де тоқталып өтті.

Кедендік әкімшілендіруге электронды деклорациялауды енгізу мақсатында «Астана-1» автоматтық ақпараттық жүйесі іске қосылған еді. Дүниежүзілік сауда үйінің нормаларына сәйкес келетін жүйе әлемнің 90 елінде қолданылады. Ол құжаттарды алдын ала қағаз жүзінде тапсырмай-ақ тауарлар деклорациясын электронды түрде тапсыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Каспийде заңсыз балық аулаған 4 әзірбайжандық ұсталды (ФОТО, ВИДЕО)

-«Астана-1» жүйесі бүкіл республика аумағын қамтиды. Облысымызда 2017 жылдың 1 қазанынан бастап іске қосылды. Кедендік транзит қазіргі уақытта орта есеппен 7 минутта рәсімделеді, бұл бұрын 50-60 минутты қажет ететін. Яғни, жаңа жүйе бізге уақытты 8 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік туғызды. 2018 жылдың 3 қаңтарынан бастап экспорттық, 1 сәуірден бастап импорттық өнімдерді рәсімдеу уақыты да қысқарды. Бұған дейін экспортты рәсімдеу шамамен 30 минут, импорт 50 минут болса, қазір 1-2 минут жеткілікті, — дейді Тарифтік реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Камшат Айтбаева.

Камшат Айтбаева қатысушыларды «Астана-1» АЖ-нің шекарадан өту сәтінен бастап оның шығарылуына дейінгі ідерістерді өз презентациясында таныстырып өтті.

Айта кетейік, тауарлардың негізгі бөлігі қауіпті басқару жүйесі арқылы тексеріліп, оның барысында қауіп анықталмаған жағдайда тауарлар автоматты түрде лауазымды тұлғаның қатысуынсыз шығарыла береді.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз