— Еліміздің төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

5 желтоқсанда Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с дейін жетеді.

5-6 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 5-6 желтоқсанда кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.

2-8 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

5 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз