Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» акциясы жыл соңына дейін жалғасады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО департаменті ұйымдастырған шара өлкемізде алғаш рет өтті.

Марафонның мақсаты – жастар ұйымдарын, қоғам өкілдерін кең көлемде қамти отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.

«Біз бүгін символикалық түрде құрлықты емес, теңіз жолын алып отырмыз. Теңіз арқылы катамаранмен «I love AKTAU» инсталяциясының жанына келеміз, сонда шара өтеді. Жастар флешмобы ұйымдастырылады. Мұндағы шара аяқталған соң автошерумен қаланы аралап, Ақшұқыр ауылына беттейміз. Ол жаққа арнайы албом мен туымызды табыстайтын боламыз. Түпқараған ауданы өкілдері туды алған соң Форт-Шевченко қаласына атпен жеткізеді. Әрі қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларын жалғастыра береді», — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО департаментінің сыбайлас жемқорлық прафилактикасы басқармасының бас маманы Ербол Жұмабай.

Ақтау қаласынан басталған марафон бүкіл аудан, қалаларды қамтып, 9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнінде қорытындыланбақ. Барлық облыста акция аяқталған соң олар Астанада бас қосып, республикалық қорытынды жасалынады.

Осы акция шеңберінде облыс бойынша лекциялар, семинарлар мен сұхбат алаңдары, байқаулар мен дөңгелек үстелдер жүйелі түрде өткізу жалғаса бермек.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Скважина емшісі – геолог

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз