ҚР Мемлекеттік Рəміздерінің 25-жылдығына орай, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында облыстық патриоттық əндер байқауы  өтті. Шара ұйымдастырушылары — МО «Жастар саясаты мəселелері» басқармасының, «Жас Ұлан» қоғамдық бірлестігі.

Байқауға мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, №2 жəне №3 мектеп-интернат оқушылары қатысты.

Олар жанды дауыста жəне жест (ыммен түсіндіріп əн айту) өнері бойынша сынға түсті. Нәтижесінде МШБАМИ оқушысы ыммен ән айту бойынша өнер көрсеткен Аманов Айбек Аманұлы жеңімпаз атанды. №3 МШБ оқушылары Ашуров Айдос пен Əбіл Нұршат екінші орынды иеленсе, №2 МШБ арналған мектеп оқушылары Давлетов Сұлтан мен Рахманов Қайырбек үшінші орынды қанжығалады.

Тағы оқыңыздар: Қайраңға шөккен «Араксты» тазарту жұмыстары басталды

Сайыс жеңімпазы Аманов Айбек өңіріміздің намысын Республикалық Дельфийлік ойында қорғайтын болады. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ақшалай сертификаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз