Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы ая­сында жас ұрпақты кемел ой, көркем сөзімен сусындатқан белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын жаңғыртып, танымын кеңейту мақсатында Мұнайлыдағы №1 орта мектепте әбіштану кабинеті ашылды. Кабинеттің лентасын мектептің ардагер ұстазы Ділдә Құбайдолина бен Мұнайлы аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Г.Мұрадалиева қиып, шашуын шашты.

Кабинетті ашу үлкен жауапкершілікті талап ететінін тілге тиек ете отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері өз күштерімен жасақтап, бүгінгі күні ұсынып отыр. Бұл кабинетте оқушылар тек дәріс алып қана қоймайды, сонымен қатар мұғалімдер оқушыларды түрлі сайыстарға, Әбіш оқуларына дайындық жүргізуге, ғылыми жұмыстар жасауға көмегін тигізетінін директордың міндетін атқарушы Айнагүл Абайқызы айтып өтті.

Кабинетті жасақтау барысында Ә.Кекілбаевтың шыққан тегін, кемеңгер алған қайнар көздері, суреткерлік қырлары, шығармашылығын, қызметін, кітаптарын қамтуды мақсат тұтқан кабинетте Жанбибі Дүйсенбайқызының авторлық көрнекілігі үлкейтілген стендтері бар.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: 1414 байланыс орталығына Кеңес атты робот «жұмысқа тұрды»

Кабинетті ашу салтанатты рәсімінде Ә.Кекілбаевқа арналған мәнді бейнебаянды жас маман Әсия Базарбай жасақтаса, Ақмарал Абдуллина «Көлденең көк атты» шығармасын сахналап, оқушыларды актерлік шеберлікке баулып, көрерменін тәнті ете білді. Кемеңгер тұлғаның бірнеше өлеңдері жатқа мәнерлеп оқылды, жас ақындар арнауларын оқыды. Әдеби сазды кештің көркін қыздыра түскен күйшілер де назардан тыс қалмады. Бұл шараның осымен тоқтап қалмайтынын тілге тиек еткен кабинет меңгерушісі әр сенбіге жасақталған үш айлық жоспармен таныстырды. Игі істердің бастамасы әрқашан жалғасын таба беретініне кәміл сенеміз.

Маржан АБДРАИМОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Көрнекі сурет сайттың архивінен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз